рус қаз
Меню
Осакаровка кенті

Осакаровка кенті

 

Ресей үкіметі Батыс Сібірді адамдарды қоныстандырып тұрақтату мақсатында Қазақстанға қоныс  аударуды жапқан.

Алайда Ресейдің оңтүстігінен және Украинадан келгендер, Сібірдің қатал қиындықтарына үйрене алмай өз беттерімен «Есілдің арғы жағына» үйреншікті далаға өтіп, қоныстанған.

1889 жылы 13 шілдеде Патша үкіметі арнайы « Ауылға келгендер мен мещандарды өзеркімен жергілікті өкімет жеріне көшіру және оларды бұрынғы қоныс аударған тұлғалар деңгейіне жатқызу туралы» жарғы қабылдайды. ХІХ –ғасырдың 80-ші жылдарының басында Ақмола обылысының қарамағына кіретін Ақмола және Атбасар уездерінде елді мекендер пайда бола бастады.Алғашқы тұрғындар 1908 жылы Херсон және Таврия губернияларынан келді.

Ақмола обылысы басқармасының Журналдық қаулысына сәйкес 1910 жылдың 11 тамызында және  19 тамызда  1910 жылы генерал-губернатор бекіткен № 5974 бұйрыққа сәйкес:  «Шеткі Бұлақ елді бөлігін ауылдық жалпы басқармаға кіргізіп, оны әкімшілік жағынан Вишневка волосына қосып және осы елді мекенге Осокаровка деген атау берілсін» деген дерек бар.

 

Селоның алғашқы аты – Осокаровка әлде село – Осокаровское.

« Ақмола волосының Сауда-өнеркәсіп жолтізбесі және мекен жай-күнтізбесі» кітабы (Омбы, 1911 жыл) бойынша шаруаларға пайдалану үшін 4425,8 ондық жер берілген.

Негізгі тұрақтар саман және ағаштан тұрғызылған.

   Село волостық орталықтан ( Вишневское) 50 верст қашықтықта орналасқан, онда ең жақын дәрігерлік пункт болған.

Сол орталықта волость бойынша жалғыз мектеп жұмыс істеген.

       1910 жылы селоға бірден 40 жанұя қоныстанды.  1910 жылдын аяғына қарай адамдар саны 211-ге жетті, оның ішінде 14-ғана еркектер болды.

 Ауыл шаруашылығын пайдалы басқару үшін 1912 жылы Ақмола уезді бес шаруа бөлімдеріне бөлінді.

Төртінші шаруа бөліміне Вишневское, Тихогородское, Донецкое, Тургеневское,

Раздольное, Краснопавловское селоларымен бірге Осакаровка да бекітілді.

1920 жылға халық санағына сәйкес  Осакаровкада 375 адам тұрған.

 1921 жылжың 21 маусымында тұрғындар саны 284 адам болған. Селода 35 тұрғын үй болған.

 

Осакаровка аталамы бір деректерде 1930 жылы да кездеседі.  1930 жылы 4-ші қыркүйекте Донецкое селолық кеңестік мүшесі Чайкин және гидротехник Гаврилов селода тексеру өткізген. Сонда Осакаровка 30 үймен және 150 тұрғын тіркелген.

 

           1940 жылжы 28 желтоқсанындағы Қазақ ССР-і жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен Қарағанды обылысының құрамында Осакаров ауданы құрылып, оның орталығы Осакаровка селосы болып белгіленді.

 



© 2019 ОСАКАРОВ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»