рус қаз
Меню
Осакаров ауданың тарихы

       Осакаров ауданы Қарағанды қаласының солтүстігінде орналасқан. 1940 жылдың 28- желтоқсанында құрылған. Жалпы аумағы 12,6 мың шаршы шақырым. Халқының саны 33,5 мың адам, 56 ұлт өкілдері бар. Орталығы Осакаров кенті. Ауданда Молодежный кенті және 53 елді мекен, оның ішінде 22 ауылдық округ бар. Қарағанды облысындағы Бұхар Жырау және Нұра аудандарымен, Ақмола облысындағы Аршалы ауданымен, Павлодар облысындағы  Баянауыл ауданымен шекаралас.  Жер бедері ұсақ шоқылы. Бұған Сары арқаның ұсақ шоқылары кіреді. Олар: Нияз, Ақдын, Шоқай, Ерейментау шоқылары кіреді.  Қорымызда тас көмір, мрамор, әк, құрылыс материалдары бар. Ауданда Есіл, Қарағайлы,  Сарықожа, Нұра, Шідерті, Өленті өзендері бар. Тоқсұмақ, Қаракөл, Шыбынды және т.б. көлдер бар. Балыққа бай су қоймалары Қаракөл, Ағаштыкөл, Маржанкөл, Тоқсұмақ және тағы басқа көлдер. Өсімдік әлемінен қараған, ақселеу, сұлы, жусан өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, суыр, борсық, құстардан үйрек, қаз,құр және тағы басқа түрлері бар.

Есіл өзені өз бастауын Осакаров ауданынан алады. Онда шортан, сазан, алабұға, лақа т.б. балықтар тіршілік етеді.

Молодежный кентінен 40 шақырым жерде «Бұйратау» мемлекеттік қорық орналасқан. Онда құстардың 80 және жануарлардың 33 түрі белгіленген.

1910 жылы Сары-Арқа аумағындағы Ақмола губернясының гинерал-губернаторымен бекітіліп,аудан өз атауын Осакаров кентінен алды. Аудан аумағында көптеген кәсіпорындар жұмыс істейді. Оның ішінде  РММ Қарағанды филиалы «Қ.Сәтбаев атындағыканал» және «Молодежный» көмір кескіні.

1296 субъективті шағын кәсіпкерлікте үш мыңнан астам адам жұмыс істейді. 46 мектеп, 2 аурухана, 12 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 19 фельшерлік-акушерлік бөлім, 2мәдениет орталығы, «Береке» демалыс орталығы, 12 мәдениет орталығы, 17 клуб және 34 кітапхана бар.

20-жылдың басында Водяниковская ауылында (қазіргі Сарыөзен ауылында) ең алғашқы «Цвет жизни» шаруақожалығы құрылған.

Соғыс жылдарында үлкен еңбегі үшін аудан Мемлекеттік Қорғау Комитетінің Қызыл Туымен марапатталған.

Аудан өз тарихында республикалық және облыстық социалистік сайыстарда бірнеше рет жеңімпаз атанды.

Ауданда Совет Одағының Батыры Паньков И.К., 7 Социалистік Еңбек Ері – Байгабилов Х., Герасимов Е.И., Иванов И.И., Ортман Е.А., Петров И.И., Ткач А.Н., Яровой Г.В.

Осакаров ауданындағы трактористер бригадиры Герасимов Е.И. 1947 жылы ең алғаш қарағанды облысында Социалистік Еңбек Ері атағын берді. 2006-жылдың 9 мамырында «Қайғырушы ана» мемареалдық комплексінің жанында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 60 жылдығына қарай Батырлар Аллеясында ескерткіштер ашылды.

Молодежный кентінде «Халық қаһарманы», соғыс және еңбек ардагері Кулаков А.К. тұрады.

Ауданның 47 тұрғынына ерекще істері, еңбектегі және қоғамдық өмірдегі жоғарғы көрсеткіштері үшін «Осакаров ауданының құрметті тұрғындары» атағы берілді.

Осакаров ауданында  1964 жылғы Токиода өткен олимпияда ойындарының классикалық күрес бойынша үш мәрте әлем чемпионы Колесов А.И. туылған.

Аудан арқылы республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург, Алматы –Омск жолы және «Қазақстан Темір жолы» өтеді.

Аудан Қарағанды және Астана қалаларының ортасында орналасқан. Осакакров кенті ірі темір жол бекеті болып саналады. Барлық елді мекендер автомобильдік жолмен байланысқан, сондай-ақ телефон сымдары жүргізілген.

Осакаров ауданының территориясы туризм, балық аулау және аңшылыққа үлкен қызығушылықтар тудырады. Туристер көптеген археологиялық, тарихи және табиғи ескерткіштермен таныса алады.

Аудан аумағында 111 ескерткіштер бар. Батпақ аймағында орта палеолиттің мустьер дәуіріндегі және соңғы палеолиттегі (б.з.д. 40-12 мың жыл) адамдардың тұрақтары табылды.

Ауданның солтүстік-шығысында Осакаров кентінен 47 шақырым жерде Аюлы тауы орналасқан. Оның абсалюттік биіктігі теңіз деңгейінен 796 метр, солтүстіктен оңтүстікке қарай 13 шақырымға созылған. Ені 5 шақырым. Тау бойында қарағайлы, қайыңды ормандар, бұлақтар кездеседі. Аюлы тауынан Есіл, Қарғалы, Шортанды өзендері өз бастауын алады.

Ауданның солтүстік-шығысында Нияз тауы орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 50 шақырым. Созылған конус формалы төбелерден тұрады. Ені 15 шақырым, теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 833 метр. Нияз тауынан Есіл өзені бастау алады.



© 2019 ОСАКАРОВ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»