рус қаз
Меню
«Қазақ хандығына -550 жыл» библиографиялық әдебиеттер тізімі
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Сіздерге  ақпараттық тізім ұсынамыз

 

«Қазақ хандығына -550 жыл» библиографиялық әдебиеттер тізімі

 

 Абылай хан [Мәтін]: энциклопедия / бас.ред.  Б.Ө.Жақып.- Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2013.-  656б.+32б. түрлітүстісуреттіжапсырма: сурет

 

 Энциклопедия 18 ғасырда ғұмыр кешкен ұлы хан, дарынды әскери қолбасшы, кемеңгер мәмілегер  Абылай ханның қазақ халқының басынан өткен зор-зобалаң  замандағы қазақтың елдегін сақтап  қалудағы тарихи рөлі және ұлтты ұйыстырып, біріктіру мақсаты жолында өзінін бүкіл күш-жігері мен  ақыл-парасатын сарп еткен саяси қайраткерлік әрі мемлекеттік істеріне арналған. 

 

 

 Абылай хан [Мәтін]: энциклопедия / бас.ред. Б.Ө.Жақып.- Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2013.-  656б.+32б. түрлітүстісуреттіжапсырма: сурет

 

 Балалар мен ересектерге арналып жазылған бұл көркемсуретті туындыда адамзат тарихының әр түркі мемлекеттерінің бай тарихы жүйелі әрі әсерлі баяндалды

 

 

 

 Қазақ мемлекеттілігінің тарихы (ежелгі және ортағасырлық кезең) [Мәтін]: монографиялық зерттеу.-  Алматы: Адамар, 2007.- 432 б.

 

Кітап авторларының ортақ тұжырымы бойынша, қазақ мемлекеттілігі-қазақ даласында көне  замандардан бері түрлі тарихи кезеңдерде тарих сахнасына көтеріліп, уақыт өте жаңа мемлекеттік  құрылымдарға ығысып жол беріп отырған мемлекеттердің табиғи жалғасы әрі мұрагері. Мұндай  тұжырым - Отан тарихын зерттеу және баяндау ісінде орын алып келген кемшіліктерді (мәселен, ірі  тарихи үрдістер мен оқиғалар арасындағы логикалық байланыстың әлсіздігі) жою бағытында  жасалған батыл қадам.

 

 

Сұлтанов, И.Т.  Қазақ хандығының тарихы [Мәтін] / И.Т.Сұлтанов. -Алматы: Мектеп, 2008.- 160 б.-(Жетіншісөз)

 

Т.И. Сұлтанов қазақ халқының тәуелсіздікке жетудегі күрделі тарихи жолы туралы кітабын "Халықтың тарихи жады берік сақталмайынша ұлттың қалыптасуы және өсіп-өркендеуі мүмкін емес" деген сөздермен қорытындылайды. "Жетінші сөз" сериясындағы әрбір басылым осы қорытындының діттелеуі деуге болады.

 

 

 



© 2019 ОСАКАРОВ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»