рус қаз
Меню
Жаңа кітаптар-2013

   Асанәлі Әшімов:фотоальбом.-Алматы: «Өнер» баспасы,2012.-320б.    Өз биігіне жеткен,бүгінде ел ардақтаған азаматтың-бал дәурен балалығы,студенттік шақтағы, ізденісі, актерлік жолындағы шығармашылық өрлеу кезеңдері, отбасы және қоғамдағы әріптестері,сырлас достары, театр, кино сынды көркем дүниенің есте қаларлық, ескерткіш боларлық ғажайып көріністері мен бейнелі сәттерінің сырға толы суреттері қамтылған бұл фотоальбом-өнер адамының әр жылдар еншісіндегі сұңғыла жеңісінің  жетелі жемісі. Аталған фотоальбом Қазақ халқының арда перзенті,КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, сондай-ақ, ТМД халықтар достығы бірлестігінің лауреаты,Отан «Алтын қыран»(ЮНЕСКО), Ломоносов ордендерінің иегері,Ғалым академиясының профессоры-тірісінде аңызға айналған тұғырлы тұлға,атақты актер-Асанәлі Әшімовтің 75 жасқа толу мерейтойы қарсаңында жарық көріп отыр. Фотоальбом кино сүйер көрермендерге, көпшілік қалың оқырманға арналған.

Имашева, Б.  Әнуар Молдабеков=Ануар Молдабеков=Anuar Moldabekov: фотоальбом қазақша, орысша,ағылшынша/ Б.Имашева.-Алматы: «Өнер21-ғасыр» қоғамдық қоры,2012.-320 б.-(Халық перзенті)

Әнуар Молдабеков-ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ өнерінің биігіне жарқ етіп бірден көтерілген дара тұлға. Ол 1960-80 жылдардағы Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында-саналуан спектакльдерде және де бұрынғы КСРО республикаларындағы киноөнер ордалары-«Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» т.б. киностудияларда түсірілген киношығармаларда басты рөлдерді ойнап, айрықша көзге  түсті. Ә.Молдабеков-туа бітке талант еді. Бұл фотоальбомда қазақ сахна және кино өнерінің дара тұлғасы,ҚР халық артисі,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты-Әнуар Молдабековтің өмірі мен өнер жолы,адами болмасы фотобейнелер арқылы қамтылған. В данном фотоальбоме через фотообразы показаны судьба, творческий путь и человеческая сущность необыкновенной личности, народного артиста РК, лауреата Государственной премии Ануара Молдабекова на казахской сцене и в киноискусстве.

Қазақ биі =Казахский танец:фотоальбом; қаз. және орыс тілдеріне/ құраст. К. Диярова.-Алматы: «Өнер»,2012.-320б. «Қазақ биі» фотоальбомы Қазақ КСР-інің халық артисі,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Елімізде, сондай-ақ шет елдерде де халықтың сүйіспеншілігімен кұрметіне ие болған тума талант,әйгілі биші Шара Жиенқұлованың 100 жылдық мерейтойына арналып отыр. Ол қайталанбас және бірегей жанрда өнер көрсетті-әлемнің көптеген тілдерінде биемен сүйемелдей отырып, ән шырқады. Фотоальбом «Казахский танец»посвящается  100-летию Народной артистки Казахской ССР,лауреата Государственной премии, а также незаурядной, талантливой личности Шары Жиенкуловой, завоевавшей любовь и призвание миллионов поклонников ее искусства, как в нашей стране, так и за рубежом. Она демонстрировала неповторимое и уникальное искусство-исполняла песни на многих языках мира, сопровождая их танцами.

 

Қайдауылқызы, Ғ.  Киелі кимешек=Кимешек-духовный покровитель =Kimeshek is a Spiritual Patron:фотоальбом/ Ғ. Қайдауылқызы.-Алматы: « Өнер21-ғасыр» қоғамдық қоры,2012.-240 б. Фотоальбом  представляет кимешек  - главный головной убор казахской женщины.  Кимешек, как и другие образцы одежды , своей торжественностью озаряя  женский лик, прошел через разные времена. С помощью данного альбома,  красочных иллюстраций, авторы постарались возродить исторический образ ментальности казахской женщины. 

Әсем әуен-халыққа. Дауыс пен фортепианоға арналып өңделген әндер: [Ноты]/ құраст. Қ.Балңұр.-Алматы: «Sansam»,2012.-384б.

Жинаққа дауыс пен фортепианоға арналып өңделген, ел ішінде жиі айтылатын халық әндері мен халық  ақындарының шығармалары беріліп отыр. Кітап арнайы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы өнерсүйер қауымға арналған

Қазақ музыкасының бәйтерегі :Төлебаевтың 100-жылдығына арналған естеліктер/ ред. алқасы  Д.Төлебаева, Ж. Төлебаева, Ж. Сүлейменова  т.б .-Алматы: Раритет,2012.-184б. «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты деректі естеліктер жинағы сол өткен ғасырдың 40-50 жылдарынан бері қарай композитордың халқының рухани қазынысына айналған шығармашылығы, жоғары кәсібилік шеберлігі туралы әр жылдарда баспасөз беттерінде жарияланған зерттеулер, мұрағат материалдары 100 жыл толатын мерейтойы қарсаңында ұсынылып отыр.



© 2019 ОСАКАРОВ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»