рус қаз
Меню
Қарағанды облысына - 80 жыл

 

Қарағанды облысы — облыс Қазақстанның орталық бөлігінде. Облыс Қазақтың ұсақ шоқылы қыраты – Сарыарқаның бөлігін алып жатыр.

Қазіргі таңда Қарағанды облысы – аумағы жағынан және өндірістік әлеует бойынша ең ірі, минералдар мен шикізатқа бай облыс. Облыс аумағы жаңа шекараларда 428 мың шаршы километрді құрайды (Қазақстан аумағының жалпы көлемінің 15,7%). Облыста Қазақстанның барлық тұрғындарының оннан бір бөлігі тұрып жатыр.

Солтүстікте Ақмола облысымен, солтүстік шығыста   Павлодар, шығыста – Шығыс Қазақстан, оңтүстік шығыста – Алматы, оңтүстікте – Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, батыста – Ақтөбе, солтүстік батыста – Қостанай облыстарымен шекаралас.

Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Ең алғашқы орталығы Петропавл қаласы болған. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы құрылғаннан кейін, орталық Қарағанды қаласына көшірілді.

Облыс Қазақтың ұсақ шоқылы қыраты – Сарыарқаның бөлігін алып жатыр, ол геоморфологиялық қатынаста өте биік көтерілген, өз тұрпатын бейнелейтін біркелкі емес аймақ (абсолютті биіктігі 400-1000 метр). Жер бедері ұсақ шоқылы төмендетілген, өзенді алыптар, құрғақ су арналармен, бетке шығатын топырақты сулы сай ойпатымен, қисық ойыстарымен, көлді қазан шұңқырларымен, дала табақшаларымен асқынған. Облыстағы ең ірі таулы алаптар   Қарқаралы, Кент, Қызыларай, Кешубай, Қызылтас, Ұлытау.

Облыста 9 ауылдық аудан, 11 қала, оның ішінде 9 республикалық және облыстық бағыныста, 11 қала түріндегі поселке, 190 ауылдық округ (поселкелер), оның ішінде 422 ауылдық елді мекендер бар.

Қарағандыдан Астанаға дейін арақашықтық 222 километр.

 

СУ РЕСУРСТАРЫ

Облыстың аумағы бойынша көптеген өзендер ағып өтеді, олардың ішіндегі ең бастылары: Нұра, Торғай, Сарысу, Шидерті, Улы Жыланшық, Құланөтпес, Қалмаққырған, Тұндық, Тоқырауын және т.б. Көбінесе тұзды кішігірім көлдер өтекөп. Балқаш, Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын, Қияқты көлдер ірі көлдер болып есептеледі.

Нұра өзенінде – Самарқанд, Шерубай Нұра, Кенгір өзенінде – Кенгір, Жезді, Атасу өзенінде – Қылыш су қоймалары салынған. Қ.Сәтпаев атындағы Ертіс Қарағанды арнасы облыс үшін маңызы өте зор.

Әкімшілік бөлінуі

Облыста 11 қала орналасқан: Абай, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск.

Поселкелері: Ағадыр, Ақжал, Ақтас, Ақтау, Ақшатау, Атасу, Жоғарғы Қайрақты, Гүлшат, Дария, Долинка, Жайрем, Жамбыл, Жарық (Сейфуллин), Жезді, Жезқазған, Изумрудный, Қайрақты, Қарабас, Қарағайлы, Қарсақпай, Киевка, Қоңырат, Қушоқы, Қызылжар, Мойынты, Молодежный, Жаңадолы, Осакаровка, Сарышаған, Саяқ, Токаревка, Топар, Ботақара, Шахан, Шашубай, Шұбаркөл, Шығыс Қоңырат (2002 жылы Қоңырат поселкесіне қосылған), Южный.

 

Облыс экономикасы

Экономиканың базалық саласында электрқуаты, отын, қара металлургия, машина жасау, химиялық өнеркәсіп негізгі рөл атқарады.

 

Сайтынан ақпарат http://primeminister.kz/

 

 

План празднования в библиотеках ЦБС



© 2019 ОСАКАРОВ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»