рус қаз
Меню
Бір ел - бір кітап

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр.

 

2020 жылы "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясына М.Әуэзовтың "Абай жолы" мен Ә.Әлімжанов "Ұстаздың оралуы" шығармалары таңдалды.

 

«Бір ел - бір кітап» - 2019. Жыл кітабы - С.Торайғыровтың шығармалары Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы мен Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры»

«Бір ел - бір кітап» - 2017. Жыл кітабы - С.Торайғыровтың шығармалары

«Бір ел - бір кітап» - 2016. Жыл кітабы - Д.Бабатайұлының шығармалары

«Бір ел - бір кітап» - 2015. Жыл кітабы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы

«Бір ел - бір кітап» - 2014. Жыл кітабы - С. Мұратбеков "Жусан исі" және "Басында Үшқараның..."

«Бір ел - бір кітап» - 2013. Жыл кітабы - Ф. Оңғарсынова "Дауа"

«Бір ел - бір кітап» - 2012. Жыл кітабы - О. Бөкей. О. Бөкей шығармалары 

«Бір ел - бір кітап» - 2011. Жыл кітабы - Ж. Аймауытов "Ақбілек"

«Бір ел - бір кітап» - 2010. Жыл кітабы - Ж. Молдағалиев "Мен - қазақпын"

«Бір ел - бір кітап» - 2009. Жыл кітабы - М. Жұмабаев. М. Жұмабаевтың лирикасы

«Бір ел - бір кітап» - 2008. Жыл кітабы - М. Әуезов "Қилы заман"

«Бір ел - бір кітап» - 2007. Жыл кітабы - Абай "Қара сөздер"



© 2023 ОСАКАРОВ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
© 2023 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»